From Wikipedia, the free encyclopedia
Томас Манн (нем. Thomas Mann; 6 маусым 1875, Любек — 12 тамыз 1955, Цюрих) — неміс жазушысы, эссеист, интеллектуалды прозаның шебері, 1929 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. XX ғасырдың ең ірі неміс романшысы болып саналады.[1].
Томас Манн | |
нем. Thomas Mann | |
Томас Манн өзінің жазушылық мансабының басында | |
Туған кездегі есімі |
нем. Paul Thomas Mann |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Любек, Германия |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Мансабы |
романист, эссеист, автобиограф, новеллист, әлеумет сыншы, күнделік авторы, сценарист, университет ұстазы, жазушы |
Шығармашылық жылдары |
1890-1955 |
Шығармалардың тілі | |
Сыйлықтары |
Әдебиет саласында Нобель сыйлығы (1929) |
Қолтаңбасы | |
Ортаққордағы санаты: Томас Манн |
Конторадағы қысқа мерзімге созылған жұмысынан кейін үлкен ағасы Генрих (1871-1950) тәрізді өзін жазушылық жұмысқа арнады. Оның алғашқы романы «Будденброки» (1901) көне буржуазиялық рақымшыл адамдарға арналған элегия болды. «Смерть в Венеции» (1912) атты көңілсіз шедеврінде күйреген қоғамдағы суретшінің алдында тұрған трагедиялық дилемманы көтерді. Әйтсе де, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында албырт патриот болған, 1919 жылы көзқарасын біртіндеп авторитарлы неміс мемлекетіне ауыстырды. «
«Волшебная гора» (1924) атты тамаша романы Ағарту принципінің өзі үшін күрделі көп аспектілі бүтіннің бір бөлігі ретінде қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Нацизмнің айқын қарсыласы, А. Гитлерден Швейцарияға қашты; 1938 жылы АҚШ-қа орналасты, бірақ 1952 жылы Швейцарияға оралды. Оның «Иосиф и его братья» (1933—43) тетралогиясында інжілдегі Иосиф сипатталады. Анағұрлым айқын саяси романы «Доктор Фаустус» (1947) неміс ықыласының күңгірт аспектілерін саралайды.
«Признания авантюриста Феликса Круля» (1954) қызықты кітабы аяқталмай қалды. Терең ойлы стилімен, әзіл-қалжың, келеке, әжуа-сықағымен және өзінің зияткерлік мүмкіндіктерінің талғаулығымен ерекшеленеді.
Эсселері Л. Н. Толстой, 3. Фрейд, И. В. Гёте, Ф. Ницше, А. П. Чехов және Ф. Шиллер сияқты тұлғаларға арналған. 1929 жылы әдебит бойынша Нобель сыйлығына ие болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.